Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қарағанды қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Қарағанды қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

1 июня 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы хабарлайды.
Нысан: «Сапа» ТК», 1 кезек (1 және 2 блок-секциялар), Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, 137 есептік кварталы, 882 жер телімі мекенжайында орналасқан.
Тапсырыс берушінің/Құрылыс салушының атауы: «ККК Инжиниринг» ЖШС.
Құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі: маусым 2018 жыл.
Тұрғын үй толық дайын күйінде және бекітілген жобаға сәйкес өткізілетін болады:
Ішкі әрлеу - таза әрлеуде, санаты «жақсартылған».
Терезелер – темірпластикті жеке дайындалған қос стеклопакеттер.
Есіктер – МСТ 6629-88 бойынша ағаштан жасалған, 1.236-5 в.2 сериясы бойынша өртке қарсы темірден жасалған (ішкі), темірден жасалған, жылытылған, жеке дайындалған (сыртқы).
Қабырғалар мен төбелері – суэмульсиялы бояу, сырты шыны плиткалармен, майлы бояу, тұсқағаздар жапсырылған.
Едендер – керамикалық плиткалар, линолеум, керамогранит.
Тұрғын үйдің 1 шаршы м. құны: 159 950 теңге
Жайлылық сыныбы: III, IV.
Пәтер саны: 8, соның ішінде:
Пәтер түрі 1-бөлм.: 8 пәтер.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 05.06.2018 ж. бастап 24.06.2018 ж. дейінгі күнді қоса алғанда.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 25.06.2018 ж.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 02.07.2018 ж. бастап 14.07.2018 ж. дейінгі күнді қоса алғанда.
Іріктеу орны: Қарағанды қ.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 30%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің [Іріктелген үміткерлер] қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру