Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Алматыдағы «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысушылары үшін пәтерлерді сатып алу-сату туралы шарттарын бастау және қоныстандру мерзімі туралы хабарландыру.

Алматыдағы «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысушылары үшін пәтерлерді сатып алу-сату туралы шарттарын бастау және қоныстандру мерзімі туралы хабарландыру.

14 февраля 2019
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының «ЖАО несиелік тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарды іске асыру жөнінде келесіні хабарлайды:
Саялы ы.а. тұрғын үйді салу және сату кезеңдері:
1) Құрылысқа тапсырыс беруші - Алматы қаласы Әкімдігінің Құрылыс басқармасы тендер жариялайды және мердігерлермен (құрылыс компанияларымен) шарттар жасасады.
2) Құрылысқа тапсырыс беруші – Алматы қаласы Әкімдігінің Құрылыс басқармасы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-мен салынып жатқан объектідегі пәтерлерді сату жөнінде келісім жасасады. Банк сатып алушыларды іріктейді және тізімдерді Алматы қаласының Тұрғын үй басқармасына жібереді.  
3) Құрылыс аяқталғаннан кейін - Алматы қаласы Әкімдігінің Құрылыс басқармасы іске қосу актілерін, үйге техникалық паспорттарды дайындайды және уәкілетті органдарда тіркейді.
4) Құжаттарды дайындағаннан кейін Құрылыс басқармасы үйлерді Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының балансына береді.
5) Құжаттарды алғаннан кейін Тұрғын үй басқармасы сатып алу-сату шартын дайындайды және пәтерлерге сатып алу-сату шарттарын жасасу үшін сатып алушыларды шақырады.

Банк апта сайын Әкімдік өкілдерімен салынған тұрғын үйге құжаттарды дайындау мерзімін жеделдету және сатып алушылармен сатып алу-сату шарттарын бастау бойынша келіссөздер жүргізеді. Құрылыс басқармасы және Тұрғын үй басқармасынан алынған ақпаратқа сәйкес үйдің құжаттарын рәсімдеу процесі аяқтау сатысында. Шамамен ағымдағы жылдың ақпан айының 28 күні Түрғын үй басқармасы сатып алу-сату шарттарын жасасу үшін сатып алушыларды шақырады. Банк қаржы операторы болып табылады және сатып алушыларға тұрғын үй сатып алуға несие беруді жүзеге асырады, несие беру тұрғын үй құжаттарын ресімдегеннен кейін ғана мүмкін болады. Өкінішке орай, Банктің Әкімдікке өтінішіне қарамастан, құжаттарды ресімдеу мерзімі созылыды. Банк, сатып алушылар сияқты құжаттарды жедел ресімдеуге мүдделі, алайда бұл процеске банк әсер ете алмайды, себебі құрылысқа тапсырыс беруші болып табылмайды.
07/02/19 Әкімдік өкілдерінен алынған соңғы ақпаратқа сәйкес Алматы қ., Алатау ауд., Саялы-1 ы.а., мекен-жайы бойынша орналасқан объект бойынша (объектінің коды №1192):
- Пәтер сатып алу-сату шартын жасау 2019 жылдың ақпан айының 28 күні жоспарлануда.
- Қоныстандыру 2019 жылғы наурыздан басталады, барлық қажетті құжаттарды ресімдегеннен кейін (қарыз шартын, кепіл шарты және т.б. ресімделгеннен кейін) және пәтер үшін төлем аударылғаннан кейін.

Алматы қ., Алатау ауд., Саялы-2 ы.а., мекен-жайы бойынша орналасқан объектілер бойынша (объектілердің кодтары №1202, 1228, 1251, 1252):
- Пәтер сатып алу-сату шартын жасау 2019 жылдың мамыр айының 20 күні жоспарлануда.
- Қоныстандыру 2019 жылғы маусымда басталады, барлық қажетті құжаттарды ресімдегеннен кейін (қарыз шартын, кепіл шарты және т.б. ресімделгеннен кейін) және пәтер үшін төлем аударылғаннан кейін.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру