Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бос пәтерлерді брондау үшін өтініштерді қабылдау туралы

Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бос пәтерлерді брондау үшін өтініштерді қабылдау туралы

9 августа 2019
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "АҚ "Нұрлы жер "тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының" кредиттік тұрғын үй құрылысы" бағыты бойынша пул құрмай пәтерлерді брондау үшін өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.

Нысан: Саялы-2 ықшам ауданы (НЖ ЖАО. Екінші кезең. Мансардты қабаттар) Алматы қ., Алатау ауд., Саялы-2 ы.а., 11, 15, 16, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 33, 34, 37, 40, 42, 43, 44, 45 н. орналасқан, коды 1252.

Нысандағы барлық пәтерлер әр үйдің бесінші (соңғы) қабатында орналасқан, балкондары жоқ.
Алғашқы жарна 20% дан басталады!
Несие бойынша 5%!

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 1 000 000 (бір миллион) теңге жинағы болуы тиіс.

Құрылыс жұмыстары аяқталды

«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 179 000,9 теңге.

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 43 пәтерлер

Пәтер бағасы:

2 бөлмелі пәтер 6 932 704,86 теңгеден бастап 7 521 617,82 теңгеге дейін (ең жоғарғы аумағы – 42,02 ш.м.)
3 бөлмелі пәтер 9 571 178,12 теңгеден бастап 10 333 721,96 теңгеге дейін (ең жоғарғы аумағы – 57,73 ш.м.)

"Нұрлы жер" Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасымен пул құрмай пәтерді брондау туралы өтініштерді қабылдау мерзімі 12.08.19 - 12.10.19 дейін.

Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Өтінішті беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz, www.baspana.kz интернет-ресурстарында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.

Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру