Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша нысанға дауыс беру туралы

Алматы қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша нысанға дауыс беру туралы

5 октября 2018
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Саялы-2 ықшам ауданы (НЖ ЖАО. Бірінші кезең)», Алматы қ., Алатау ауд., Саялы-2 ы.а., 4, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 30, 31, 35, 36, 38, 39 н. мекенжайы бойынша орналасқан. Нысанның коды №1202.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қазан 2018 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 179 001 теңге.
Жайлылық класы: ІV
Пәтер саны: 322,
Пәтер түрі 1 - бөлмелі: 170 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 31.58 ш.м.;
Пәтер түрі 2 - бөлмелі: 66 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 45.39 ш.м.;
Пәтер түрі 3 - бөлмелі: 86 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 62.62 ш.м.;
Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 10.10.2018 ж. бастап 22.10.2018ж. дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 23.10.2018 ж.
Өтініштерді Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсындағы беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты, берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйлердің 50% -дан кем емес бөлігі ЖАО –ның кезегіндегілерге үлестіріледі. Қатысуға өтініш берген немесе квалификациядан өткен ЖАО-ның кезегіндегілер көлемі жетіспеген жағдайда, баспана Банк салымшылары арасынан өтініш бергендерге үлестіріледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді. Нысанды ұйғару кезінде, салымшылардың берген өтініштері ары қарай бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, егер де Банк өтініштерді қабылдаудың соңғы күніне дейін нысанды ұйғару үшін салымшылардан жеткілікті көлемде өтініш қабылдай алмаса, берілген өтініштер автоматты түрде күшін жояды.
Банктің www.baspana.kz. Және www.hcsbk.kz интернет-ресурсында құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-Центр 300 қызметіне хабарласуға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру