Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақтау қаласындағы «Мирас» КТК нысанының толық әзірлігі жай-күйінің (ішкі әрлеуі) өзгеруі туралы

Ақтау қаласындағы «Мирас» КТК нысанының толық әзірлігі жай-күйінің (ішкі әрлеуі) өзгеруі туралы

6 ноября 2018
Құрметті салымшылар!

01.10.2018ж. бастап 29.10.2018ж. дейінгі кезеңде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары арасында «Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 34 ықшамаудан» мекенжайы бойынша орналасқан «Мирас» КТК нысанына төмендегі талаптарда дауыс беруі өткізілді:

• толық әзірлік жай-күйі (ішкі әрлеуі) – «Таза»;
• тұрғын үйдің 1 ш.м. үшін құны– 160 000 теңге. (ш.м.)

Тұрғын үй кешені құрылысын салушы - "Нұрлы Жер" бағдарламасының «Тұрғын үй құрылысын жеке құрылыс салушылармен ынталандыру» бағыты бойынша салған «МегаСтройСервис» ЖШС.
Құрылыс салушының Банкке 09.10.2018 жылғы жүгінуіне байланысты, Сіздерге нысанның толық әзірлік жәй-күйінің (ішкі әрлеуі) ш.м. үшін 160 000 теңге құнымен «Таза әрлеуден» «Негізгі әрлеуге» өзгеретіндігі туралы хабарлаймыз.

Сіз нысанды өткізу бойынша өзгерген талаптармен келіспесеңіз, Банктің интернет-ресурсындағы («www.baspana.kz») жеке кабинетте осы Нысан бойынша пулға қатысуға арналған өтінішіңізден бас тартуыңыз керек.

Нысан бойынша жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz сайтынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз, сондай-ақ, сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру