Ақсу қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы | Нысан: Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Молодежная, 30 көшесі бойында орналасқан 5 қабатты 4 кіреберісті тұрғын үй құрылысы.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ақсу қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

Ақсу қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс туралы

20 тамыз 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі жөнінде хабарлайды.

Нысан: Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Молодежная, 30 көшесі бойында орналасқан 5 қабатты 4 кіреберісті тұрғын үй құрылысы.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 01.12.2017 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 90 000 теңге.
Пәтер саны: 9
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 4 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 64,61 ш.м.;
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 5 пәтер, ең жоғарғы аумағы – 41,88 ш.м.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 22.08.2018 ж. бастап 03.09.2018 ж. дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 04.09.2018 ж.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz порталында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.


Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру