Құрметті салымшылар! «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 02 науырызынан бастап 30 сәуірінің (қоса алғанда) аралығында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының ықшамауданы 9-қабатты тармақшасының талаптарын іске асыру мақсатында Ақтөбе қаласы, «Нұр-Ақтөбе» ықшамауданы, №23,24,25 үйлері, тұрғын үйден (барлығы 270 пәтер) бағасы – 1 ш.м. үшін 90 000 теңгені құрайтын, пәтерлерді сатып алушылар мен жалдаушылардың пулына қатысуға қосымша өтініштер қабылданатыны туралы хабарлайды. Құрылыстың аяқталған мерзімі: 2015 жылдың маусым айы. Өтініштерді Банктің барлық филиалдарында бере аласыздар. Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады. Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 46Б, Жанқожа-Батыр, 9 мекенжайында орналасқан Банктің филиалында, байланыс телефоны 8 (7132) 55-72-21, не Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс объектісінің сипаттамасымен толығырақ танысып, ғимарат қасбеті мен пәтерлер жоспарын көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!