Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақсай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді бөлу және оны таңдау мерзімінің өзгертілуі туралы

Ақсай қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді бөлу және оны таңдау мерзімінің өзгертілуі туралы

6 марта 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының «Жергілікті атқарушы органдар» (бұдан әрі - ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша конкурс бойынша тұрғын үйді бөлу мен тұрғын үйді таңдау кезеңінің өзгертілгендігі туралы хабарлайды.


Нысан: «Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы, Қарашығанақ шағын ауданындағы 75-пәтерлі тұрғын үй құрылысы».

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2017 жылдың тамыз айы.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 121 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 22, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 9 пәтер – ең жоғарғы көлемі 46,4 шаршы метр 1, 4, 5 қабаттарда.
2-бөлмелі пәтер түрі: 8 пәтер –ең жоғарғы көлемі 69,9 шаршы метр 1, 3, 4, 5 қабаттарда.
3-бөлмелі пәтер түрі: 5 пәтер –ең жоғарғы көлемі 88,4 шаршы метр 5 қабатта.

Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2018 жылдың 12 ақпаны мен 23 ақпаны аралығы.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 2018 жылдың 12 ақпанынан бастап 15 наурызға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 2018 жыл 16 наурыз.
Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz, ph.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.


Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру