Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың «Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді іске асыру» бағыты бойынша мемлекеттік бағдарламасына қатысуға қосымша өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың «Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді іске асыру» бағыты бойынша мемлекеттік бағдарламасына қатысуға қосымша өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

5 июля 2023

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» АҚ (әрі қарай – Банк) «Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді іске асыру» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: Қостанай қаласында «Береке» шағын ауданындағы ЕТЖЖ бойынша 4-қабатты № 120 тұрғын үй құрылысы нысан коды 2896, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, 3 тұрғын үй жер төлімітұрғын үй мекен-жайы бойынша орналасқан

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 22.05.2023 ж. 

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 180 000 «таза» әрлеудегі теңге.

Жайлылық класы: 4

Пәтер саны: 36,

Пәтер түрі 1, 1-бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы ауданы 42,92 ш.м.

Пәтер түрі 2, 2-бөлмелі: 16 пәтер, ең жоғарғы ауданы 67,25 ш.м.

Пәтер түрі 3, 3-бөлмелі: 12 пәтер, ең жоғарғы ауданы 83,88 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 14.07.2023 ж. бастап 27.07.2023 ж. дейін (қоса алғанда).

Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 28.07.2023 ж.

Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер тек ЖАО-да кезекте тұрғандардан ғана қабылданады. Негізгі тізімге енгізілгең «Бақытты отбасы» бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларына басымдық беріледі:

1) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

Несие беру, егер Өтініш берушінің жинақ шотында несие сомасынан кемінде 20% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болса, несие беруге болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру