Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

6 октября 2022 Нысан коды: 2261

Құрметті, салымшы!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Нысан: " Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, СПМК-70/4 тұрғын кварталында» орналасқан,50 пәтерлік №6    көппәтерлі тұрғын үй, , нысан коды-2261.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 26.11.2021 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 160 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3

Пәтер саны: 50
Пәтер түрі: 2 бөлмелі: 20 пәтер, ең үлкен аумағы 58,09 ш.м.,
Пәтер түрі: 3 бөлмелі: 30 пәтер, ең үлкен аумағы 67,76 ш.м.

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 06 қазанынан бастап 2022 жылдың 01 қарашасына дейін (қоса алғанда).

Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 02 қараша 2022 ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініштер негізгі тізімнен "Бақытты отбасы" бағыты бойынша ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) Мүгедек балалар тәрбиелеуші отбасы

2) Көпбалалы отбасылар

Заем беру Өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің baspana.otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру