Құрметті, салымшы!
"Отбасы Банк" Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі-Банк) "Шаңырақ" бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысандар: "Достық" шағын ауданында 9 қабатты 4 кіреберісті белгі №17 тұрғын үй", Қазақстан, Павлодар қаласы, "Достық" шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың аяқталу жоспарланған мерзімі: 30.06.2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 160 000 теңге
Жайлылық класы: 4
Қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 10.10.2022 бастап 09.11.2022 жылға дейін.
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 10.11.2022 ж.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініштер негізгі тізімнен "Бақытты отбасы" бағыты бойынша ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана келесі санаттар бойынша қабылданады:
1. Мүгедек балалар тәрбиелеуші отбасы
2. Көпбалалы отбасылар
Заем беру Өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің baspana.otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!