2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына " Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру | "Отбасы Банк" Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі-Банк) "Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына " Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына " Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

11 сәуір 2023 Нысан коды: 2565

Құрметті, салымшы! 

"Отбасы Банк" Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі-Банк) "Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Нысандар: «Павлодар облысы Ақсу қаласының Дөнентаев көшесі, 46 мекенжайында көппәтерлі тұрғын үй салу», Қазақстан, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Дөнентаев көшесінде мекенжайы бойынша орналасқан

Құрылыстың аяқталу жоспарланған мерзімі: 28.04.2023 жыл.

Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 160 000 теңге.

Жайлылық класы: 4

Пәтер саны: 81

Пәтер түрі 1: 27 пәтер, максималды көлемі 101,8 ш.м.

Пәтер түрі 2: 27 пәтер, максималды көлемі 91,2 ш.м.

Пәтер түрі 3: 27 пәтер, максималды көлемі 86,7 ш.м.

Қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 17.04.2023 ж. бастап 16.05.2023 жылға дейін.

Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 17.05.2023 ж.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады, сондай-ақ негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшылары келесі санаттар бойынша өтініш бере алады:

1) мүгедек балалар тәрбиелеуші отбасы;

2) көпбалалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар;

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 50 000 теңге жинағы болуы тиіс.

Заем беру Өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің Оtbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру