Нысан: «Alma Villa» ТК, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Бостандық ауд, Ерменсай ы.а., Талды к., 63 үй. Объектінің коды №2725.
Тапсырыс берушінің атауы: «RKM Service (РКМ Сервис)» ЖШС.
Нысан пайдалануға берілді.
Барлығы 5 пәтер!
Ең төменгі бастапқы жарна - 50% (Заем алуға өтініш берген сәтте енгізу қажет).
Несие бойынша пайызы – 7% (жылдық тиімді мөлшерлеме 7,3%).
Орналасуы: Алматы қ., Бостандық ауд, Ерменсай ы.а., Талды к., 63 үй.
Тұрғын үйдің (Нысандағы үлесі) 1 ш.м. құны: 720 000 теңгеден бастап.
Жайлылық класы: 3, қара әрлеуде.
Пәтер саны: 5
1 бөлмелі пәтер: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 42,5 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 720 000 теңгеден;
2 бөлмелі пәтер: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 53,7 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 720 000 теңгеден;
2 бөлмелі пәтер: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 61,3 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 720 000 теңгеден.
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 02.05.2023 ж. бастап сағат 10:00 - ден 22.05.2023 ж. 19:00-ге дейін.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін өтініш берушінің Отбасы Банкіндегі жинақтау шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге болуы керек.
Егер өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 50% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болса, аралық займға өтінім беруге болады (Объектідегі үлестер). Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша күнімен және уақытпен бірінші өтініш берген клиентке, пәтердің брондауы бекітіледі.
Клиенттердің кезекте тұрған ақпараты, жеке кабинетте көрсетілген.
Төлемқабілеттілігін бағалау мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
• Егер бірінші үміткер өтінімді жойса немесе біліктілігінен өтпесе, https://otbasybank.kz/ жеке кабинетіндегі тізімдегі келесі үміткер 24 сағат ішінде Өтінішке қол қоюы керек, содан кейін біліктілікті Банкте тапсыруы қажет.
Сіздің пәтеріңізге 5 қадам:
1. Депозит ашу және пәтер таңдау!
2. Банкке құжаттарды тапсыруға үлгеру!
3. Несие беру туралы Банктен жағымды шешім алу
4. Сатып алу-сату шартын жасасу және Банкте заем рәсімдеу
5. ПӘТЕР СІЗДІКІ!
Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!!!
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!