Құрметті салымшылар!
«Отбасы банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы, Сырым батыр көшесі 80Б, Тұрғын комплексі Arlan мекенжайында орналасқан «ARLAN» 6 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй кешені.
Тапсырыс берушінің/құрылыс салушының атауы: ««Arlyn» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Салымшылардың тұрғын үй сатып алуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы жүзеге асырылатын болады. Банктің салымшыларға несие беруі және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсетуі құрылыс сатысында жүзеге асырылатын болады. Объектінің құрылысына үлестік қатысуды Тапсырыс беруші сақтандырылушының үлестік қатысу туралы шарт (тар) бойынша шарттық міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасумен/ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі міндеті кепілдік беру жағдайы басталған кезде құрылысты аяқтау болып табылатын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін ала отырып ұйымдастырады.
1 ш.м. тұрғын үйдің құны: 490 000 теңге бірінші әрлеуде.
Жайлылық класы: 3.
Нысандағы пәтерлердің жалпы саны: 1
Пәтер түрі 1 - бөлм.: 1 пәтер, ең жоғарғы аумағы 37,6 ш.м, тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 490 000 теңгеден.
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2024 жылдың _18_ қазанның 10:00-нен 2024 жылдың _24_ қазанның 19:00-не дейін.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін өтініш беруші тұрғын үй құрылысының шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинақталған болуы керек.
Аралық тұрғын үй заемдарын алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарының салымы бойынша есептік көрсеткіштің қажетті ең төменгі мәні кемінде 5.
Егер өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 50% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болса, аралық займға өтінім беруге болады (Объектідегі үлестер).
Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша күнімен және уақытпен бірінші өтініш берген клиентке, пәтердің брондауы бекітіледі.
Клиенттердің кезекте тұрған ақпараты, жеке кабинетте көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) әрбір клиент үшін мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Банктің интернет-ресурсында тұрғын үйді бөлу тәртібімен, біліктілікке арналған құжаттар тізбесімен (төлем қабілеттілігін бағалау) танысуға, сондай-ақ ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің орналасуын https://otbasybank.kz/ және / немесе baspana.kz. интернет-ресурсынан көруге болады
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!