Нысан: "Алтын сити" ТК, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Түрксіб ауданы, Қайрат ықшам ауданы, 153/26 ж.т. Объектінің коды №2534.
Тапсырыс берушінің атауы: " Exclusive Construction (Эксклюзив Констракшн)" ЖШС.
Құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі: 22.04.2023 ж.
Салымшылардың тұрғын үй сатып алуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы жүзеге асырылатын болады. Банктің салымшыларға несие беруі және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсету құрылыс кезеңінде жүзеге асырылатын болады. Нысанды салуға үлестік қатысуды Тапсырыс беруші тұрғын үй құрылысына кепілдік беру Қорының кепілдігін ала отырып ұйымдастырды, оның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілді жағдай туындаған кезде құрылысты аяқтау болып табылады.
Барлығы 10 пәтер!
Ең төменгі бастапқы жарна - 50% (Заем алуға өтініш берген сәтте енгізу қажет).
Несие бойынша пайызы – 3,5% бастап.
Орналасуы: Алматы қ., Түрксіб ауданы, Қайрат ықшам ауданы, 153/26 ж.т.
Тұрғын үйдің (Нысандағы үлесі) 1 ш.м. құны: 340 000 теңгеден бастап.
Жайлылық класы: IV, қара әрлеуде.
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 31.10.2022 ж. сағат 10:00 бастап - ден 30.11.2022 ж. 19:00-ге дейін.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін өтініш берушінің Отбасы Банкіндегі жинақтау шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге болуы керек.
Егер өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 50% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болса, аралық займға өтінім беруге болады (Объектідегі үлестер).
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша күнімен және уақытпен бірінші өтініш берген клиентке, пәтердің брондауы бекітіледі.
Клиенттердің кезекте тұрған ақпараты, жеке кабинетте көрсетілген.
Өтініш беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!