"Өз үйім" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тікелей сату туралы хабарландыру | Объект: "Komfort life" Тұрғын үй кешені", Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Батыс-2, 18Е учаскесі мекенжайында орналасқан (объект коды 2975).
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
"Өз үйім" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тікелей сату туралы хабарландыру

"Өз үйім" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тікелей сату туралы хабарландыру

3 мамыр 2024 Нысан коды: 2975

Объект: "Komfort life" Тұрғын үй кешені", Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Батыс-2, 18Е учаскесі мекенжайында орналасқан (объект коды 2975).

Тапсырыс берушінің атауы: «НовоСтрой-Актобе» ЖШС.

Құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі: 21.06.2024 жылы.

Салымшылардың тұрғын үй сатып алуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы жүзеге асырылатын болады. Банктің салымшыларға кредит беруі және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсетуі құрылыс кезеңінде жүзеге асырылатын болады. Объектінің құрылысына үлестік қатысуды Тапсырыс беруші Үлестік қатысу туралы шарт (тар) бойынша шарттық міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасай отырып/ тұрғын үй құрылысы Бірыңғай операторының кепілдігін ала отырып ұйымдастырды, оның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдік беру жағдайы басталған кезде құрылысты аяқтау болып табылады.

Барлығы 12 пәтер!

Ең төменгі бастапқы жарна - 50 % (қарыз алуға өтініш берген сәтте енгізу қажет).

Кредит бойынша пайыз - 3,5%-дан бастап (СЖТМ 3,6% - дан бастап).

Орналасуы: Ақтөбе қаласы, Батыс-2, 18Е учаскесі.

Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны (Объектідегі үлес): 290 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3 сынып.

Пәтерлер саны (Объектідегі үлестер): 12, оның ішінде:

2 бөлмелі пәтер 25 346 000,00 теңгеге дейін;

3 бөлмелі пәтер 32 393 000,00 теңгеге дейін.

Сіздің пәтеріңізге 5 қадам:

1. Депозит ашып, пәтер таңдаңыз!

2. Банкке құжаттарды тапсыруға үлгеріңіз!

3. Несие беру туралы банктің оң шешімін алыңыз!

4. Сатып алу-сату шартын жасаңыз және банкте қарыз ресімдеңіз!

5. ӨЗ ПӘТЕРІҢІЗ!

Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!!!

Пулсыз пәтерлерді сату «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 06.05.2024ж. 10:00 бастап (Астана қ. уақытымен) – 03.06.2024ж. сағат 23-00-ге дейін (Астана қ. уақытымен).

"Өз үйім" бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылысы жинақтарының шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинақтары болуы тиіс.

Аралық қарыз алуға өтініш беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының (объектідегі үлестің) кемінде 50% - ы мөлшерінде тұрғын үй құрылысы жинақтары болған кезде мүмкін болады.

Аралық қарыз алуға бағалау көрсеткіші 5-тен кем емес.

Бір пәтерге өтінімдердің шексіз саны.

"Өз үйім" бағдарламасы бойынша пәтерге бронь күні мен уақыты бойынша бірінші өтінім берген клиентке бекітіледі.

Клиенттің жеке кабинетінде клиенттің кезектілігі туралы ақпарат көрсетіледі.

Төлемқабілеттілік уақыты: пәтерге бронь қойғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде.

Өтінішті Банктің Otbasybank.kz интернет – ресурсы арқылы бересіз.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет - ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе Otbasybank.kz интернет - ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру