Нысан: «25 пәтерлі тұрғын үй», мекен-жайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ниетқалиев көшесі, 6А.
Тапсырыс берушінің/құрылыс салушының атауы: "ПИКО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Құрылыстың болжамды аяқталу мерзімі: 31.12.2022 жыл.
Салымшылардың тұрғын үй сатып алуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы жүзеге асырылатын болады. Банктің салымшыларға несие беруі және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсетуі құрылыс сатысында жүзеге асырылатын болады. Объектінің құрылысына үлестік қатысуды Тапсырыс беруші сақтандырылушының үлестік қатысу туралы шарт (лар) бойынша шарттық міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасумен/ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі міндеті кепілдік беру жағдайы басталған кезде құрылысты аяқтау болып табылатын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін ала отырып ұйымдастырады.
Барлығы 8 пәтер!
Ең төменгі бастапқы жарна-50% (несие алуға өтініш берген кезде енгізу қажет).
Несие бойынша пайыз-3,5-дан% бастап.
Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ниетқалиев көшесі, 6А.
1 ш. м. тұрғын үйдің құны : 300 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2022 жылдың 01 қарашаның 10:00- нен 02 қарашаның 19:00-не дейін.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін өтініш беруші тұрғын үй құрылысының шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинақталған болуы керек.
Егер өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 50% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болса, аралық займға өтінім беруге болады (Объектідегі үлестер).Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша күнімен және уақытпен бірінші өтініш берген клиентке, пәтердің брондауы бекітіледі.
Клиенттердің кезекте тұрған ақпараты, жеке кабинетте көрсетілген.
Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) әрбір клиент үшін мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!