Нысан: «Тараз қаласы, Каллаур Әкім көшесі, №2 «А» (1-белгі) мекенжайы бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерді салу, мекен-жайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Каллаур Әкім, №2 "Г".
Тапсырыс берушінің/құрылыс салушының атауы: Жеке кәсіпкер "ОЛЖАБЕКОВ С.Б."
Құрылыстың аяқталу мерзімі: 31.08.2022 жыл.
Барлығы 22 пәтер!
Ең төменгі бастапқы жарна-50% (несие алуға өтініш берген кезде енгізу қажет)
Несие бойынша пайыз-3,5-дан% бастап
Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Каллаур Әкім көшесі, №2 "Г"
1 ш. м. тұрғын үйдің құны : 350 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2022 жылдың 09 жеклтоқсанның 10:00- нен 12 желтоқсанның 23:00-не дейін
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін өтініш беруші тұрғын үй құрылысының шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинақталған болуы керек.
Егер өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 50% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болса, аралық займға өтінім беруге болады (Объектідегі үлестер).Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша күнімен және уақытпен бірінші өтініш берген клиентке, пәтердің брондауы бекітіледі.
Клиенттердің кезекте тұрған ақпараты, жеке кабинетте көрсетілген.
Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) әрбір клиент үшін мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!