Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақтөбе қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы

Ақтөбе қаласында «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау туралы

17 апреля 2018
Құрметті салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (әрі қарай-Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: «Ақтөбе қаласы, Горпитомник, 31 үй» мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты тұрғын үй.

Тапсырыс беруші: ЖК Урынбасаров Канаш Идирисович
Құрылыс салушы: «Нур-Кан құрылыс»
Құрылыстың аяқталуының мерзімі: 2018 жылдың ақпан айы.
Тұрғын үй бекітілген жобаға сәйкес және толық дайын болған жағдайда пайдалануға беріледі:
Ғимараттың құрылымдық сұлбасы – бойлық-қабырғалы – бойлық көтеруші қабырғаларымен.
Іргетасы – ленталы монолитті темірбетонды
Төле қабырғалары – құрама бетонды блоктардан тұрады.
Сыртқы қабырғалары 600 мм қалыңдықтағы силикатты кірпіштен тұрады.
Арақабырғалары 120-220 мм қалыңдықтағы силикатты кірпіштен тұрады.
Жалғастырғыштар – құрама темірбетонды
Аражабын тақталары – құрама темірбетонды тақталар
Лоджия тақталары – құрама темірбетонды тақталар
Балкон – құрама темірбетонды
Балкон және лоджия қоршаулары – 120 мм қалыңдықтағы кірпішті, биіктігі 1,2 м., лоджияның бөлігін жаппай декоративті әйнектеу жоспарланған.
Ішкі әрлеу жұмыстары – қабырғалары мен төбелері сыланып тегістелген, еденнің тұтастырғысы еден жабынқы заттарын жаюға дейін жасалған, электркабельдері мен сымдары ажыратылған, әр пәтерде элетртаратушы автоматтары (тұрмыстық негіздегі электротехникалық құрал-жабдықтарсыз, газ немесе электрлі ас үй плиталарынсыз) қондырылған, су және кәріз құбырлары ілмекті арматуралармен және қондырғы қойылатын жерге дейін жүргізілген.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 125 000 теңге
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтер саны: 22, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер,жалпы ауданы 43,4 ш.м. – 4 пәтер;
2 -бөлмелі пәтер, жалпы ауданы 57,4-60,2 ш.м.- 14 пәтер;
3-бөлмелі пәтер, жалпы ауданы – 75,8 ш.м.- 4 пәтер;
«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2018 жылғы 17 сәуірден бастап 2018 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 02 мамыр 2018 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 10.05.2018 ж. – 18.05.2018ж.
Іріктеу орны: Ақтөбе қаласы
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000 (бес жүз мың) теңгеден кем емес сомада жинағы болуы шарт.
Алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 30% болған жағдайда мүмкін болады.
Банк салымшылары бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, сонымен бірге, Банк салымшыларына арналған Нысанда пәтер берілуі үшін дауыс береді. Егерде, өтініш беру мерзімінің аяқталу күніне Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Кандидаттар/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болатын жағдай байқалатын болса, онда Нысан қажетті дауыс санын жинамаған болып саналады және бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін (төлемқабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру