Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті салымшылар !

18 наурыз 2017
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік тұрғын үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау жолымен тұрғын үй құрылысының жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: 50 пәтерлі тұрғын үй, Қызылорда қаласы, тұрғын аудан Титов, Кашаубаев көшесі №1, №2 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың наурыз айы
«Таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 139 000 теңге
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 100
2-бөлмелі пәтер түрі: 40 пәтер, максималды көлемі – 58,49 ш.м.,
3-бөлмелі пәтер түрі: 60 пәтер, максималды көлемі – 73,09 ш.м.
Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2017 жылдың 20 наурызынан бастап 18 сәуіріне дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 19 сәуір 2017 жыл
Өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Интернет банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты, берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Нысандағы тұрғын үйлердің 50% -дан кем емес бөлігі ЖАО –ның кезегіндегілерге үлестіріледі.Қатысуға өтініш берген немесе квалификациядан өткен ЖАО-ның кезегіндегілер көлемі жетіспеген жағдайда, баспана Банк салымшылары арасынан өтініш бергендерге үлестіріледі.
Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді. Нысанды ұйғару кезінде, салымшылардың берген өтініштері ары қарай бағдарламаға қатысу үшін қабылданады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, егер де Банк өтініштерді қабылдаудың соңғы күніне дейін нысанды ұйғару үшін салымшылардан жеткілікт көлемде өтініш қабылдай алмаса, берілген өтініштер автоматты түрде күшін жояды.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.
Бөлу тәртібі мен төлем қабілеттілігін бағалау үшін тапсырылатын құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.Құжаттыр Қызылорда қаласы, А.Байтұрсынов көшесі,122 үй мекенжайы бойынша орналасқан Банк ғимаратында қабылданады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-Центр қызметіне хабарласуға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру