Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Алматы қаласының Әкімдігімен тұрғын үй құрылысы бойынша қосымша №2 Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғандығы туралы

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Алматы қаласының Әкімдігімен тұрғын үй құрылысы бойынша қосымша №2 Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғандығы туралы

29 июля 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Алматы қаласының Әкімдігімен Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Жас-Қанат» ықшам ауданы мекенжайында орналасқан, барлығы 872 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 436 пәтер, бағасы 1 шаршы метрге 120 000 теңге болатын көп салалы тұрғын үйлер кешені құрылысы бойынша қосымша №2 Ынтымақтастық келісіміне 2015 жылғы шілденің 2-де қол қойылғанын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 3 кезеңге бөлінген:
- желтоқсан 2015 ж.  
- ақпан 2016 ж. 
- шілде 2016 ж.
Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 
- «01» қыркүйек 2015 ж.
- «01» қараша 2015 ж.
- «01» сәуір 2016 ж.
Банктің келесі мекен-жайында орналасқан филиалдарында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады:
1.    Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 498
2.   Алматы қ., Жетысу-2 ы/а, 70 «Б» үй (Абай көшесі, Сайын және Момышұлы көшелерінің аралығында)
2.    Алматы қ., Спартак к-сі, 30 үй (Сейфуллин/Шолохов к-нің қиылысы)
3.    Алматы қ., Абылай хан даңғ. (Қазыбек би к-нің қиылысы), 91 үй.
Сонымен қатар 300 қысқа номерге хабарласу арқылы білуге болады.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру