Баспасөз мәлімдемелері мұрағаты
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз мәлімдемелері мұрағаты

Баспасөз мәлімдемелері мұрағаты

  • Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының жаңа шарттары туралы айтып берді

    Әйелдерге арналған бағдарламаның талаптары өзгерді. Енді «Ұмай» табысы жоғары қыз-келіншектерге де қолжетімді. Іскер әйелдер үшін ортақ отбасылық табыс шегі 320 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін көтерілді. Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспаса, ол 15%-дық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 630 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20%-дық алғашқы жарнамен алуға болады.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкінің 1 716 431 салымшысы мемлекеттік сыйлықақы алды

    Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 1 716 431 клиентінің шоттарына демалыс күндері мемлекеттік сыйлықақы түсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша депозиттерге барлығы 61,7 млрд теңге аударылды. 116 680 теңге көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақының ең жоғары мөлшеріне Отбасы Банкінің 382 406 салымшысы ие болды. 2021 жылы олардың әрқайсысы өз есепшоттарында кемі 583 400 теңге немесе 200 АЕК жинақтаған. Депозиттерінде одан да көп қаражат жинаған клиенттер сыйлықақы берілмеген жинақ бөлігі бойынша мемлекеттік сыйлықақыны 2022 жылдың қорытындысы нәтижесінде алады.
    Әрі қарай оқу
  • ТЖ кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға Отбасы банк кредиттік төлемдер мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін береді

    Қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі 2022 жылдың 20 қаңтарына дейін кредит алған клиенттерге ұсынылады. Бұл мерзім ТЖ кезінде банктің көптеген клиенттері кредит алу процесінде болуы мүмкін екенін ескере отырып алынды. Төлем мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініш банк бөлімшелерінде қабылданатын болады. Мұндай мүмкіндік Қазақстандағы төтенше жағдай режимі кезінде зардап шеккен адамдарға беріледі. Сондықтан жазбаша өтінішке қаржылық жағдайдың нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын құжаттарды қоса ұсыну қажет. Бұл жұмыс берушіден алынған анықтамалар, еңбекке жарамсыздық туралы парақтар және басқа да құжаттар болуы мүмкін.
    Әрі қарай оқу
  • Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 2 триллион теңге зейнетақы жинақтарын пайдаланды

    Біржолғы зейнетақы төлемдерінің (әрі қарай-БЗТ) көмегімен тұрғын үй жағдайын 466 397 қазақстандық жақсартып үлгерді. Олардың ішінде 201 998 адам зейнетақы төлемдерін ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға жұмсаған. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 1,3 триллион теңгеден астам қаражат кеткен. Тағы 62 694 қазақстандық «Отбасы банкіндегі» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) заем бойынша қарыздарын өтеуге 152 млрд теңге жаратқан. 39 мың адам өзге екінші деңгейлі банктерде 134 млрд теңгеге ипотекалық қарызы төлеген. Ал 23 мыңға жуық азамат зейнетақы төлемдерін Отбасы банкінен несие алу үшін алғашқы жарна түрінде жұмсаған.
    Әрі қарай оқу
  • Бес күннің ішінде enpf-otbasy.kz платформасына БЗТ қолдану туралы 30 мың өтініш түскен

    Жолданған өтініштердің жалпы сомасы 190 млрд теңгеге тең. Олардың дені «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» атты жаңа мақсатқа тиесілі. Бұл батырма 2021 жылдың 16 желтоқсанында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін www.enpf-otbasy.kz порталында қолжетімді болды.
    Әрі қарай оқу
  • 2021 жылдың 16 желтоқсанында қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы банк депозиттеріне аудара алады

    Биылғы жылы қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіндегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) депозиттеріне аударып үлгереді. Бұл тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) қолдану ережелеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар күшіне енгеннен кейін мүмкін болып отыр. Бұл алдағы аптада іске асады деп күтілуде. Қазіргі уақытта Отбасы Банк 2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап «Отбасы банкіндегі депозитті толықтыру» батырмасы жұмыс істеуі үшін www.enpf-otbasy.kz порталын пысықтауда.
    Әрі қарай оқу
  • Соңғы үш күнде БЗТ қолдануға enpf-otbasy.кz платформасы арқылы 46 мың өтініш жолданды

    Бүгінгі күні enpf-otbasy.кz платформасының 43 744 қолданушысы өз өтініштері бойынша БЖЗҚ-нан Отбасы банктегі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арнайы шоттарына жалпы көлемі 242 млрд теңге қаражаттың түсуін тосып отыр. Жұма күні, 3 желтоқсанның өзінде, біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш келіп түсті. Бұл жыл басынан бері БЗТ-ін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу мақсаттарына алу мүмкіндігі туындаған уақыттан бастап, жолданған өтініштер көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш.      
    Әрі қарай оқу
  • Шымкенттік құрылыс салушылар пәтер алуды көздеген Отбасы банк салымшыларына 3 млн теңгеге дейін жеңілдік жасайды

    Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде Шымкенттің құрылыс компанияларынан қомақты бонус ала алады. Қала тұрғындары үшін арнайы ұйымдастырылып отырған шара құрылыс компанияларын, банк кеңесшілері мен жергілікті әкімшілік қызметкерлерін бір ортаға жинамақ. Жәрмеңкеге келушілер тұрғын үйлерді салыстырып, таңдап, Отбасы Банк кеңесшілерінен несие төлемдерін есептетіп, алдын ала мақұлдау құжаттарына қол жеткізе алады. Егер бұл шешім оң болса, құрылыс салушы әлеуетті сатып алушыға болашақ пәтеріне 3 млн теңгеге дейін жеңілдік беруге дайын.
    Әрі қарай оқу
  • Алматы облысында күн сайын Отбасы Банкінің 10 салымшысы қоныс тойын тойлайды

    Осы айда облыста 3,1 млрд теңгеге 240 несие берілді. Алдағы уақытта баспаналы боламын деп облыстың тағы 1 323 тұрғыны жалпы көлемі 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жаңа депозиттер ашты. Алматы облысының тұрғындарының арасында Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа қызметі – онлайн-ипотеканы бағалап үлгергендер де бар. Оның көмегімен облыстың үш тұрғыны Талдықорған қаласынан және Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылынан пәтерлер алды. Бұл туралы банк филиалының директоры Қаскелең қаласындағы жаңа бөлімшенің ашылуы барысында айтты.
    Әрі қарай оқу
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру