Баспасөз мәлімдемесі
19 наурыздан бастап Отбасы банк жаңа қызметті, атап айтқанда банк бөлімшелеріне бармай-ақ, қарыздарды ішінара-мерзімінен бұрын өтеуге өтініштерді онлайн қабылдауды енгізіп жатыр.
Қарызды онлайн ішінара-мерзімінен бұрын өтеуді біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен және жеке қаражат есебінен жүзеге асыруға болады. Рәсімдеу кезінде клиентке растау үшін қарызды өтеудің жаңартылған кестесі ұсынылады. Ал толық және мерзімінен бұрын өтеу банк бөлімшелерінде жүзеге асырылады
Тұрғын үй төлемдері бойынша арнайы шот және ағымдағы шот үшін негізгі борышты өтеу сомасы 50 000 теңгеден кем болмауы тиіс, ал БЗТ арнайы шоты үшін сома маңызды емес. Қарызды біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен өтеу кезінде мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл алынбайды. Қарызды өз қаражаты есебінен ішінара мерзімінен бұрын өтеген кезде комиссиялар белгіленген тарифтерге сәйкес алынады.
"Біз клиенттерге қамқорлық танытып, онлайн режимінде көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейту үшін қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Соңғы жылдары цифрландыру аясында біздің IT-команда Банктің онлайн-сервистерін – интернет-банкингті, мобильді қосымшаны, бейне-банкингті дамытуда үлкен серпіліс жасады. Олар карантин кезеңінде ерекше сұранысқа ие болды, бұл кезде азаматтарға өзін және жақындарын қорғау, қоғамдық орындарға баруды азайту өте маңызды еді. Біз клиенттердің пікірлері мен тілектерін ескере отырып, бірінші кезекте сұранысқа ие қызметтерді енгізуге тырысамыз. БЗТ пайдалануға берілген өтінімдердің басым бөлігі ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге бағытталғандықтан, біз оны онлайн жасауға мүмкіндік беретін тәсіл әзірледік", - деп атап өтті "Отбасы банк" АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Жоғарыда аталған қарыздарды банк бөлімшелерінде ішінара мерзімінен бұрын өтеуге болады.
***
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!