Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері QR-код көмегімен депозит толтыра алады

Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері QR-код көмегімен депозит толтыра алады

22 мая 2017

Баспасөз-релизі
Алматы қ.                                                                                                22.05.2017 ж.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері QR-код көмегімен депозит толтыра алады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енгізген төлемнің жаңа тәсілі арқылы, енді клиенттер QR-код көмегімен ұялы телефон түймесін бірнеше рет басып қана, депозитін толтыра алады.
QR-код – бұл екі өлшемді штрих-код, онда ҚТҮҚЖБ клиенттерінің барлық деректемелері шифрланған. Енді ол шот ашу кезінде салымшыға берілетін банктің әрбір сертификатында басылады. Мәліметтерді есептеу және депозит толтыру үшін камерасы бар және интернетке кіретін смартфонды пайдалану қажет.
- Бұл жаңа тәсіл салымшыларымызға онлайн-төлем бойынша қадамдарды елеулі түрде қысқартады. Енді оларға тіркелудің, балама код енгізудің, қолма-қолсыз ақша төлеу кезінде мәліметтерді толтырудың қажеті жоқ. Деректемелерді енгізіп жатқанда жіберілетін қателер де азаяды, – дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жобаларды басқару департаментінің директоры Берік Әубәкіров.
Гаджетіне арнайы қосымшаларды жүктеп және QR-кодты сканерден өткізіп, банк клиенті төлемге сілтеме алады. Ал Қазкомның төлем шлюзі Kaspi.kz немесе E-pay арқылы депозит толтыруға мүмкіндік береді. Барлық төлем комиссиясыз жасалады. Бар болғаны, карточка нөмірі мен шот толтыру сомасын енгізу қажет. Ақша депозитке 2-3 минут ішінде түседі. Клиент депозит толтыру мақсатында жүктелген сілтемені жақындары мен туыстарына жібере алады.
Таяуда QR-код көмегімен несиені өтеу қызметі де әзір болады. Егер салымшының сертификатында QR-код болмаса, ол банктің жақын маңдағы бөлімшесіне барып, коды бар жаңа құжат ала алады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк болып табылады.

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

+7 (727) 279 35 11 (іш. 00344/00544/00271),

pr@hcsbk.kz




Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру