Баспасөз мәлімдемесі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - БЖЗҚ) ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2021 жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгеден астам қаражат аударды (140 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат ретінде БЖЗҚ-на қайтарылды). 159 621 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі - әйелдер (50 236) және үштен екісі - ер адамдар (109 385).
«Біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - БЗТ) пайдалану тетігін әзірлеу кезінде банктің мақсаты – клиент үшін процесті мүмкіндігінше ыңғайлы әрі түсінікті ету болды, бастысы – онлайн форматта. Қысқа уақыт ішінде банк enpf-otbasy.kz интернет-ресурсын құрып, БЗТ пайдалану тетігін тез арада іске қосу үшін БЖЗҚ-мен интеграция жасады», - деді банктің Басқарма төрайымы, Ләззат Ибрагимова.
БЗТ қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (28 450 адам), олар жалпы сомасы 279 млрд теңге пайдаланған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (26 015 адам), елорда тұрғындары 162 млрд-тан астам теңге қолданған. Алматы қаласы – үшінші орында (21 832 адам), алматылықтар жалпы сомасы 173 млрд-тан астам теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.
26.05.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары:
Қазіргі уақытта клиенттерге қызмет көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша келесі арналар жұмыс істейді:
1. Банктің байланыс орталығы. 300 қысқа нөмірі бойынша қызмет көрсетеді
2. Tele2 және Altel абоненттері үшін ақысыз нөмір 8 800 080 1880
3. Whatsapp арнасы. +7 705 925 13 01 телефоны арқылы қызмет көрсетеді
4. Видео-банкинг. www.hcsbk.kz банк сайтында бейне сұхбат бастауға болады
5. Telegram-бот Қуаныш https://web.telegram.org/#/im?p=@quanysh_bot
6. Сізге ыңғайлы болу үшін www.hcsbk.kz сайтындағы арнайы форма арқылы қоңырауға тапсырыс беруге болады.
7. https://hcsbk.kz/faq/ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар жазылған сайттың арнайы бөлімі. Осы жерден түсіндірмелі бейне роликтерді де көруге болады.
8. Банктің әлеуметтік желілері:
Инстаграмдағы ресми парақша: https://www.instagram.com/otbasy_bank_kz/
Facebook: https://www.facebook.com/Otbasybankkz
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCEehsItjnHv_XEVDvwKadtA
9. «Электрондық үкімет» сайтындағы Басқарма төрайымының ресми блогы: https://dialog.egov.kz/blogs/4784135/welcome
««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!