Банк жаңалықтары мұрағаты
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Банк жаңалықтары мұрағаты

Банк жаңалықтары мұрағаты

  • Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Отбасы банкімен бірге елордалық жастарға тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі

    Нұр-Сұлтан қаласында жастарға арналған «Elorda Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы ашылады. Бұл елорда әкімдігі мен Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бағдарлама жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, әлеуметтік қызметкерлерге, коммуналдық қызмет қызметкерлеріне, полиция департаменті қызметкерлеріне, ТЖҚ қызметкерлеріне, жетім балаларға жеке тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді. «Elorda Zhastary» жобасы бойынша қарыз алушылардың жасы 35-тен аспауы тиіс.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк Blockchain арқылы кепілді онлайн тіркеу қызметін іске қосты

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігі, ҚР Әділет министрлігі және Отбасы банкімен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп, жеке тұлғаларға арналған жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызметке Blockchain технологиясын енгізді. Енді ипотеканы рәсімдейтін қазақстандықтар кепіл шартымен baspana.otbasybank.kz порталындағы жеке кабинетінде таныса отырып, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоя алады. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығын мемлекеттік тіркеу туралы нәтиже хабарлама түрінде банк сайтындағы және eGov порталындағы жеке кабинеттерге келіп түседі.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы Банк + БЖЗҚ = Армандаған баспана!!!

    Сәлем достар, бүгін өзінің адал еңбегімен тапқан қаражатын Отбасы Банкінде жинақтап және зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланып, еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан армандаған пәтеріне қол жеткізген Павлодар қаласының тұрғыны,  қарапайым емхана қызметкері - Ардақ Смаиловамен таныстырамыз.
    Әрі қарай оқу
  • Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй мен емделу ақысын төлеуге 1,5 триллион теңге зейнетақы жинақтарын пайдаланды

    Біржолғы зейнетақы төлемдерінің (әрі қарай-БЗТ) көмегімен тұрғын үй жағдайын 279 859 қазақстандық жақсартып үлгерді. Олардың ішінде 147 747 адам зейнетақы төлемдерін ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға жұмсаған. Бұл мақсатқа жалпы көлемі 1 триллион теңгеден астам қаражат кеткен. Тағы 44 100 қазақстандық «Отбасы банкіндегі» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) заем бойынша қарыздарын өтеуге 118 млрд теңге жаратқан. 31 мың адам өзге екінші деңгейлі банктерде 117 млрд теңгеге ипотекалық қарызы төлеген. Ал 17 мыңға жуық азамат зейнетақы төлемдерін Отбасы банкінен несие алу үшін алғашқы жарна түрінде жұмсаған.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы Банк + БЖЗҚ = Армандаған баспана!!!

    Бүгін Орал қаласындағы салымшымыз Айнаш Байдильдинованы көптен күткен пәтерін сатып алуымен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа үйде бақыт, қуаныш пен береке тілейміз.
    Әрі қарай оқу
  • Құрметті клиенттер!

    Клиенттер тізімінің дұрыс қалыптаспауына байланысты 1571 объектісіне берілген барлық өтінімдер, Уральск қаласы «БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №50 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)»  жойылатынын хабарлаймыз.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк Жамбыл облысында жарылыстардан қаза тапқандардың отбасыларына несиелік төлемдерін кешірді

    Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қайғылы оқиғадан көз жұмған екі азаматтың тұрғын үй сатып алуға алынған несиелері болған. Бүгінгі күні олардың жалпы қарызы 16,6 млн теңгеге тең. Отбасы банк Басқармасы қаза тапқандардың отбасыларына несиелерін кешіру туралы шешім қабылдады.
    Әрі қарай оқу
  • Құрметті клиенттер!

    Кезекке қою күні бойынша клиенттер тізімінің дұрыс жасалмауына байланысты, Тараз қаласында орналасқан  1778, 1779, 1780  барлық нысандар бойынша берілген барлық өтінімдердің жойылатындығын хабарлаймыз. Өтінімдерді қайта қабылдау 22.09.2021 – 12.10.2021 ж. аралығында жүргізіледі.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы Банк + БЖЗҚ = Армандаған баспана!!!

    Ұлттық банктің қызметкері, біздің әріптесіміз, банктің алғашқы салымшыларының бірі - Нұрханова Әлия біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы Банкіне бастапқы жарна ретінде пайдаланып, өзіне ұнайтын ауданнан жер телімін сатып алып, сол жерде Арманындағы үй салып жатыр.
    Әрі қарай оқу
  • «Отбасы Банк» АҚ Шымкент қаласындағы филиалының демалыс күндеріндегі жұмысы туралы.

    Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалының сенбі күндері жұмысы жаңартылды.
    Әрі қарай оқу
  • Маңғыстау облысының тұрғындары enpf-otbasy.kz платформасы арқылы зейнетақы жинақтарының артылған бөлігін алу бойынша рекорд орнатты

    Маңғыстау өңірінің халқы жалпы көлемі 333,7 млрд теңге сомасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланып, бұл көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтан (228,1 млрд теңге) мен Алматыны (255,6 млрд теңге) басып озған. Нәтижесінде 38 434 маңғыстаулық баспана мәселесін шешкен. Олардың дені ипотекасыз тұрғын үй сатып алған.  Сондай-ақ, несие бойынша қарыздарын өтеп, Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) және өзге де екінші деңгейлі банктерден несие алу үшін алғашқы жарна түрінде пайдаланған.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы Банк + БЖЗҚ = Армандаған баспана!!!

    Бүгін Сіздерді Атырау өңірінің тұрғыны Жумаева Ляззатпен таныстырамыз.
    Әрі қарай оқу
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру