Құрметті клиенттер!
https://enpf-otbasy.kz платформасында біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтінім беру Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19-00-ге дейін қолжетімді болады. Жаңа жылда өтінімді 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08-00-де беруге болады. https://enpf-otbasy.kz платформасында 2021 жылғы 29 желтоқсанға дейін берілген өтінімдер БЖЗҚ-ға ағымдағы жылы жіберілетін болады. 2021 жылғы 29 желтоқсаннан кейін (30, 31 желтоқсан) берілген барлық өтінімдер БЖЗҚ-ға 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады.
Төмендегі:
- арнайы шоттардан екінші деңгейлі банктерге аударымдар бойынша;
- арнайы шоттардан біржолғы зейнетақы төлемдерінің қаражатын беру бойынша
рәсімдер 2021 жылғы 31 желтоқсанда сағат 16.00-ге дейін қолжетімді болады.
Сондай-ақ, аударымдар 2022 жылғы 5 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08-00-де жаңартылады.
Сізден біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтінім беруді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.