Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
"ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы хабарландыру

"ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы хабарландыру

14 қазан 2021 Нысан коды: 1827

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: "Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы ірі панелді тұрғын үй құрылысы, 17 жер телім, 15 белгі, объектінің коды 1827", орналасқан мекен-жайы: Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 15 шағын аудан

Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: 2021 жылдың қыркүйек айында.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 118 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Жайлылық класы: 4.

Пәтерлер саны: 45 пәтер,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 30 пәтер, ең жоғарғы аудан 57,19 шаршы метр;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы аудан 62,9 шаршы метр.

Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 15 қазаннан бастап 3 қарашаға дейін.

Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 4 қараша.

Пулға қатысуға өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/. интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша негізгі тізімге енгізілген Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Банк салымшылары Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Нысан үшін және оны одан әрі іске асыру үшін дауыс береді.

Өтініш берушіде тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы мөлшерінде жинақ шотындағы тұрғын үй құрылысы жинақтарының тиісті сомасы болған кезде Пулға қатысуға өтініш беруге болады.

Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін -таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/. интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласуды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру