Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімінің 2022 жылғы 7-ші ақпанға (қоса) ұзартылғаны туралы хабарлайды.
Нысан: Қазақстан Республиқасы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылдық округі, Тұкпай ауылы, Жарқын шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Теректі ауданы, Подстепное ауылдық округі, Тұқпай ауылындағы Орал-Ақсай тас жолы бойындағы «Жиырма 6 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйдің құрылысы» (абаттандырусыз және сыртқы желілерсіз).
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 2022 жылдың 8-ші ақпаны.
Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: 30 қараша 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 160 000 теңге «таза» әрлеуде.
Жайлылық сыныбы: 3.
Өтінішті Банктің Оtbasybank.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша негізгі тізімге енгізілген Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Банктің Оtbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласуды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!