Құрметті, салымшылар!
""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) «Өз үйім» бағдарламасы «тұрғын үй салушының қаражаты есебінен» бағыты бойынша тұрғын үйді тікелей сату арқылы сату туралы хабарлайды.
Нысан: "III санатта тұру 12 қабатты тұрғын үй, Қ.Сатпаев даңғылы, Өскемен қаласы ШҚО. Тұрғын үй 111 айқындамасы», нысан коды-1719.
Орналасқан мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қ.Сатпаев даңғылы, 55/7.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде жинақтары болуы керек. Тұрғын үйге брондағаннан кейін, төлемқабілеттілігін растаған кезде өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 50% болуы керек.
«Өз үйім» бағдарламасына өтінімдерді тікелей сату арқылы қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 26.04.2021 жылдан бастап 25.05.2021 жылға дейін.
Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!