Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әлеуметтік міндеттерін бұдан әрі де атқара береді

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әлеуметтік міндеттерін бұдан әрі де атқара береді

25 қыркүйек 2015

Мемлекет ҚТҚЖБ құрылтайшыларының құрамында қалады. Және банк салымшыларына жыл сайын 20% сыйақы төлеуді жалғастыра бермек. Бұл норма қаржы институтының меншік формасына байланысты емес. «ҚР тұрғын үй құрылыс жинақ туралы» заңында нақты бекітілген.  Сондықтан азаматтардың алаңдауына ешқандай себеп жоқ. 

Бүгінгі таңда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа даму белесін бағындырып, инвесторлармен ынтымақтастық жасауға ұмытылып отыр. Мұның банк қызметіне тың серпін беретіні даусыз. Сондай-ақ, Банк жұмысын одан әрі ұтымды ете түспек. 

- Жаңа серіктестен банк тек ұтатын болады. Бұл -  жаңа инвестиция, қосымша құйылған қаражат, жаңа технологиялар және ІТ қызмет деген сөз. Банк өзінің әлеуметтік қызметін жалғастыра  береді. Өйткені, жыл сайын мемлекет субсидиясын алып, салымшыларына сыйақы төлеп тұратын болады, - деп түсіндірді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айжан Медеуова.

Оның айтуынша, акционер тартуға қатысты әлі нақты шешім шыққан жоқ. Болашақта ең оңтайлы жоспар әзірленетін болады. Сосын оған үкіметтің келісімі керек. Бұған шамамен екі ай уақыт кетеді. Инвесторға акциялардың қанша пайызы ұсынылатыны жайлы мәселе қазір талқылану үстінде. 

Медеуованың айтуынша, ТҚЖ жүйесін жүзеге асыратын өзге банктердің де жеке инвесторлары болады. Бұл әлемдік, еуропалық тәжірибеде жиі кездеседі. Азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді мемлекеттің әлеуметтік саясатын нәтижелі орындауға ол ешқандай кедергі болмайды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де өз жұмысын осы бағытта жалғастыра бермек. 

Қазіргі кезде ҚТҚЖБ Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) кіреді. Еуропалық әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп, банк елімізде 12 жыл бойы ТҚЖ жүйесін жүзеге асырып келеді. Соның арқасында, жүз мыңдаған ел азаматтары ең төменгі пайыздық мөлшерлемелермен заем алып, тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Бүгінде ҚТҚЖБ 550 мың шарт жасаған. Банк осы шарттар бойынша өз міндеттесін толық  орындауда.  

 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру