Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімінің 2021 жылғы (қоса) 20 қазанға дейін ұзартылғаны туралы хабарлайды.
Нысан: "«Шымкент қаласының, Тұран ықшам ауданында 12 қабатты тұрғын үйлер №35, №36, №61, №62» (Сыртқы инженерлік желілерсіз), объект коды №1656", орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, «Тұран» м/а.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу) күні: 21.10.2021 ж.
Өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/. интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша негізгі тізімге енгізілген Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласуды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!