Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Ірі панельді 5-қабатты шағын өлшемді № 2 тұрғын үй», Қарағанды облысы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 30А кварталы, 2 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2021 жылдың наурыз айы..
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 125 000 теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 29.11.2021 ж. бастап 09.12.2021 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 10.12.2021 жыл
Өтініштер тек ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!