Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағыты бойынша қосымша конкурсқа өтінім қабылдау мерзімінің ауысуын хабарлаймыз.
Нысан: «Р.Қошқарбаев пен А104 көшелерінің қиылысында кіріктірілген үй-жайы мен автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы (жобалық атауы)», Нысан коды 1720, орналасқан мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы (оң жағы), Р.Қошқарбаев және А104 көшесі.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 08.11.2021 ж. бастап 15.11.2021 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 16.11.2021 жыл.
Өтінімдер ЖАО-да кезекте тұрған, соның ішінде "Бақытты отбасы" бағытының келесі санаттары бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Пулға қатысуға өтінішті Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады.
Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде несие рәсімдеу мүмкін болады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің Otbasybank.kz.. интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Өтінімдерді беру күні мен уақыты берілген ұпай санына немесе үміткерлердің тізімін қалыптастыруға әсер етпейді.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!