Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

24 тамыз 2021
Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

 Нысан: «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 19 - тұрғын ауданында инженерлік желілері бар көп қабатты тұрғын үйлер кешенін салу. Тұрғын үй 58 – ұстаны, нысан коды 1784. Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы. 19 тұрғын ауданы, мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.04.2021ж.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 160 000 теңге «таза» әрлеудегі теңге.

Жайлылық сыныбы: 4

Пәтер саны: 48,
Пәтер түрі:1, 1-бөлмелі: 19- пәтер, максималды көлемі – 38,2 ш.м.
Пәтер түрі:2, 1-бөлмелі: 1- пәтер, максималды көлемі – 41,85 ш.м.
Пәтер түрі:3, 1-бөлмелі: 17- пәтер, максималды көлемі –43,47 ш.м.
Пәтер түрі:4, 1-бөлмелі: 11- пәтер, максималды көлемі – 50,5 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 25.08.2021ж. бастап 01.09.2021ж. дейін.

Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 02.09.2021ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернетресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады, ЖАО-да кезекте болуы керек.
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фотосуреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернетресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру