Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

4 қазан 2021

Құрметті салымшылар! 

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк)   Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Ақмола обл, Ақкол ауд, Ақкол қал, Иманова көш, 18 үй, 5 қабатты, 45 пәтерлі тұрғын ұй», Ақмола обл, Ақкол ауд, Ақкол қал, Иманова көш, 18 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 31 мамыр 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 4 класс.

Пәтер саны: 45 пәтер,
Пәтер түрі 1 бөлмелі: 15 пәтер, ең үлкен аумағы 35,7 ш.м.,
Пәтер түрі 2 бөлмелі: 18 пәтер, ең үлкен аумағы 57,4 ш.м.
Пәтер түрі 3 бөлмелі: 12 пәтер, ең үлкен аумағы 68,0 ш.м.

Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 5 қазан 2021 ж. бастап 19 қазан 2021 ж. дейін.

Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 20 қазан 2021ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің www.baspana.otbasybank.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көмеліндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру