Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Түркістан қаласы,ӘІО жапсарлас салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені» №1-7 үйлер, 2 кезек», объектінің коды 1576, орналасқан жері: Түркістан облысы,Түркістан қаласы, 160 орам
Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: желтоқсан 2020 жыл
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 160 000 теңге «таза» әрлеуде
Жайлылық сыныбы: 4
Пәтер саны: 336
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 168 пәтер, максималды көлемі 45,73 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 84 пәтер, максималды көлемі 66,65 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 84 пәтер, максималды көлемі 85 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 28 қыркүйектен бастап 2020 жылдың 08 қазанына дейін
Ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 09 қазан 2020 жыл
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!