Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

21 қыркүйек 2021 Нысан коды: 1797

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО орналасқан 5-7 қабатты 23 тұрғын үйдің құрылысы (7 қабатты 13 тұрғын үй)». Сыртқы желілерсіз және абаттандырусыз, объектінің коды 1797, орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қ. ӘІО

Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: қыркүйек 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 180 000 теңге «таза» әрлеуде.
Жайлылық сыныбы: 4.

Пәтер саны: 174
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 21 пәтер, максималды көлемі 36,14 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 21 пәтер, максималды көлемі 56,61 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 21 пәтер, максималды көлемі 58,46 ш.м.
Пәтер түрі: 4, 1-бөлмелі: 21 пәтер, максималды көлемі 58,46 ш.м.
Пәтер түрі: 5, 2-бөлмелі: 21 пәтер, максималды көлемі 64,12 ш.м.
Пәтер түрі: 6, 3-бөлмелі: 21 пәтер, максималды көлемі 68,88 ш.м.
Пәтер түрі: 7, 1-бөлмелі: 21 пәтер, максималды көлемі 69,36 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 22 қыркүйектен бастап 2021 жылдың 13 қазанына дейін.

Ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 14 қазан 2021 жыл.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Конкурсқа қатысу үшін, Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағында болуы қажет.

Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру