Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк»» АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды.
Нысан: Ақтөбе қ., «Нұр-Ақтөбе» т.а, №1 ш/а, 53 үй «3 қабатты тұрғын үй».
Тұрғын үй кешені пайдалануға берілген.
Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 02.11.2021 ж.
Брондау мерзімі 02.11.2021 сағат 10-00 бастап (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) 02.11.2021 жылға сағат 19-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Тұрғын үйге өтінім берген кезде тұрғын үй жинақ мөлшері – тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде.
Өтінішті Банктің baspana.kz интернет – ресурсы арқылы бересіз.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет - ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе baspana.kz интернет - ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!