Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) іріктеуден өту (кредит төлеу қабілетін бағалау) бойынша қосымша конкурсқа қатысу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Астана қаласында жобалық атаулары A82, A91 бар көшелер қиылысы аймағында кіріктірілген үй-жайлары мен автотұрақтары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы» 2-бөлім (Блок-1,2), нысан коды 1591. Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы, А82,А91 көшелері маңында орналасқан.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 220 000 теңге.
Сіз тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлемқабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен, сонымен қатар, ғимараттың қасбеттерінің суреттерімен және пәтерлердің / жеке тұрғын үйлердің жайғасымын Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсынан және / немесе www.baspana.kz сайтынан танысып, көре аласыз.
Іріктеу мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк іріктеуге арналған құжаттарды қабылдамайды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!