Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Өз үйім» бағдарламасы аясында салымшылар арасындағы тұңғыш пулын жариялайды

Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Өз үйім» бағдарламасы аясында салымшылар арасындағы тұңғыш пулын жариялайды

2 маусым 2016

Баспасөз-релизі

Алматы қ.                                                                                           02.06.2016 ж. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Өз үйім» бағдарламасы аясында салымшылар арасындағы тұңғыш пулын жариялайды 

Банктың дағдарысқа қарсы «Өз үйім» жеке бағдарламасы аясында сатып алушылар пулы жарияланды. Банктің баспасөз-қызметі хабарлағандай, «Жағалау-4» тұрғын үй кешені Бағдарламаның Астанада жүзеге асқан алғашқы жобасы болмақ.

Жоба «Өз үйім» Бағдарламасының үш бағытының бірі – екінші деңгейлі банктермен жұмыс торабы бойынша іске асты. Аталмыш жобаға Астана Банкі әріптестік көрсетіп отыр.

Тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің жалпы көлемі шамамен 40 мың шаршы метрді құрайды. Бірінші кезектегі құрылыстың аяқталу мерзімі 2016 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Бірінші кезек аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына жалпы аумағы 17 мың шаршы метрді құрайтын 284 пәтер пайдалануға берілмек. Кешенде 588 пәтер қарастырылған, оның 462-ін Банк клиенттері алатын болады. Бір ескеретіні, бағасы ұлттық валютада бекітілген және Банк салымшылары үшін 1 шаршы метріне 185 мың теңгеден аспайды.

Банктің ресми сайты www.hscbk.kz арқылы аталған нысан бойынша пулға қатысуға өтініш білдіруге болады. Банк тарапынан «Өз үйім» бағдарламасына қатысушыларға қатаң талаптар қойылмайды. Атап айтқанда, мекен-жайға тіркелу (прописка) бойынша қатаң шарттар жоқ. Бағдарлама барысында меншігінде баспана жоқ салымшыларға басымдық беріледі.

         «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ осы жылдың басында салымшыларын 2022 жылға дейін қолжетімді баспанамен  қамтамасыз ететін «Өз үйім» атты дағдарысқа қарсы бірегей бағдарламасын  жасап шығарды. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігі, мемлекеттік-жеке серіктестік және екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастық. 

Мәселен, жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестік бағыты бойынша Қызылорда облысында қарқынды құрылыс басталды. Банк, Қызылорда облысының әкімдігі мен жергілікті құрылыс компаниялары арасындағы үш жақты меморандумға қол қойылып, оның негізінде «Өз үйім» бағдарламасы аясындағы жан-жақты ынтамақтастық қарастырылды. Соның арқасында Қызылорда облысы бағдарламаға қосылған тұңғыш өңір аталып отыр.

Бұл бірегей бағдарлама  Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасына керемет қосымша болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшылары осы бағдарлама арқылы баспананы  қолжетімді бағамен сатып ала алады. «Өз үйім» бағдарламасының бірегейлігі,  салымшылар ашық түрде дауыс беру арқылы   құрылыс компаниясын және  баспана жобасын өздері таңдайды. Бағдарламаны  Банк жеке қаражатынан қаржыландырады.

2022 жылға дейін «Өз үйім» Бағдарламасы аясында  барлығы  1,5 млн. ш.м. баспана тұрғызу жоспарланып отыр. 
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру