Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) Нысан құрылысының аяқталуына байланысты Біліктіліктен өту қажеттілігі туралы (төлем қабілеттілігін бағалау) хабарлайды.
Нысан: Нысан: «Р.Қошқарбаев пен А104 көшелерінің қиылысында кіріктірілген үй-жайы мен автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы (жобалық атауы)». Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы (оң жағы), Р.Қошқарбаев және А104 көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысан коды 1720.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеумен: 220 000 теңге.
Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 22.11.2021 бастап 03.12.2021 жылға дейін.
Тұрғын үй кезеңін таңдау: 22.11.2021 бастап 09.12.2021 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 10.12.2021 жылы.
Сіз тұрғын үйді бөлу тәртібімен, іріктеуге (төлемқабілеттілігін бағалауға) арналған құжаттар тізбесімен, сонымен қатар, ғимараттың қасбеттерінің суреттерімен және пәтерлердің / жеке тұрғын үйлердің жайғасымын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсынан және / немесе Otbasybank.kz. сайтынан танысып, көре аласыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!