Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қаскелең қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау туралы

Қаскелең қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау туралы

12 февраля 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 25 ақпанынан бастап 2015 жылдың 25 сәуіріне дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдайтынын хабарлайды. Пул «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан (мекен-жайы)  Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласында  орналасқан, көп пәтерлі тұрғын үй/кешені (барлығы 25 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 100 000 теңге.

Тұрғын үйдің құрылысы 2015 жылдың 25 мамырында аяқталады.  

Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бөлімінде танысуға болады.
Сондай-ақ, Банктің барлық филиалдарында өтініш беруге болады.

Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
1.    Банктің Алматы облысы, Талдықорған қ., Төлебаев к-сі, 86, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Байгазиева к., 35/58,  Абылай хан қиылысы, тел. 8727-298-32-88, мекен-жайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру