Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қарағанды қаласында қосымша байқаудың мерзімдерінің өзгеруі туралы

Қарағанды қаласында қосымша байқаудың мерзімдерінің өзгеруі туралы

10 января 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасының ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша қосымша байқаудың квалификациядан өту, үйді таңдау және үйді бөлу мерзімдерінің өзгеруі туралы хабарлайды.
Нысан: «Кредиттік тұрғын үй» коды 377, орналасқан мекенжайы: Қарағанды қ., «Панель центр» шағын ауданы, №2 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: қараша 2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: ІІІ
Пәтер саны: 7
Пәтер түрі 1А: 7 пәтер, ең үлкен ауданы- 41, 9 ш.м.
Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі «Нұрлы жол» бағдарламасына: 25.12.2017 ж. бастап 11.01.2018 ж. дейін
Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 12.01.2018 ж.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігі): 13.02.2018 ж. бастап 22.02.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 13.02.2018 ж. бастап 27.02.2018 ж. дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 28.02.2018 ж.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.






Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру