Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 қазанына дейін «Жас-Қанат» (код-155) көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі (барлығы 151 пәтер) тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтындығын хабарлайды. Тұрғын үй кешенінің мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жас-Қанат ы.а. батысында орналасқан, бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 120 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың желтоқсан айы.
Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің төмендегі мекенжайларда орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. 1. Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 498, тел: 330-75-96, 330-76-10. 2. Алматы қ., Жетысу-2 ы/а, 70 «Б» үй (Абай, Сайын даңғылдары мен Момышұлы к-нің аралығында), тел. 299 47 39. 3. Алматы қ., Спартак к-сі, 30 үй (Сейфуллин/Шолохов к-нің қиылысы). тел. 247-22-20 4. Алматы қ., Абылай хан даңғ. (Қазыбек би к-нің қиылысы), 91 үй. тел. 2 793 511 (ішкі нөмір 400).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!