Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз тұрғын үйлерді сату туралы хабарландыру

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз тұрғын үйлерді сату туралы хабарландыру

28 мамыр 2021

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (әрі қарай – Банк) 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз тұрғын үйлерді сату туралы хабарлайды.

Нысан: Алматы қ., Наурызбай ауд., Райымбек д., 590/1 ж.т., 1, 3, 4, 5, 6, 7 корпус (3, 6, 8, 9, 10, 11 н.) орналасқан. Объектінің коды №1722 "Нұрлы дала" ТК 2 кезең.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 240 000 теңге.
Пәтер түрі 1: 1 бөлмелі пәтер, ең жоғарғы аудан 35,4 шаршы метр;
Пәтер түрі 2: 1 бөлмелі пәтер, ең жоғарғы аудан 39,7 шаршы метр;
Пәтер түрі 3: 2 бөлмелі пәтер, ең жоғарғы аудан 53,6 шаршы метр;
Пәтер түрі 4: 2 бөлмелі пәтер, ең жоғарғы аудан 61,8 шаршы метр;
Пәтер түрі 5: 3 бөлмелі пәтер, ең жоғарғы аудан 59,3 шаршы метр.

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша тұрғын үйлерді брондау арқылы қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 03 шілдеге дейін.
Квалификация мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініш беру baspana.kz Банктің интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің интернет-ресурсында толығырақ танысуға болады www.hcsbk.kz "Қолжетімді тұрғын үй" бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет ресурсында.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру