Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Шаңырақ» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына пулды қалыптастырусыз қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысан: Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі «49А», мекен-жайы бойынша орналасқан «108 пәтерлі тұрғын үй».
Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны: «таза» әрлеудегі 160 000 теңге.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5(бес) жұмыс күні.
Өтінімдер Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!