Нысан: " Greenline.Terra", 1 кезең, орналасқан мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қайым Мұхамедханов көш., 6 А ж.т.
Тапсырыс берушінің атауы: «Green Line Terra» ЖШС.
Құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі: 13.10.2023 ж.
Салымшылардың тұрғын үй сатып алуы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы жүзеге асырылатын болады. Банктің салымшыларға несие беруі және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсету құрылыс кезеңінде жүзеге асырылатын болады. Нысанды салуға үлестік қатысуды Тапсырыс беруші тұрғын үй құрылысына кепілдік беру Қорының кепілдігін ала отырып ұйымдастырды, оның негізгі міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілді жағдай туындаған кезде құрылысты аяқтау болып табылады.
Брондау үшін қол жетімді: 2 пәтер.
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 15.12.2021 ж. бастап сағат 10:00 - ден 23.12.2021 ж. 19:00-ге дейін.
«Меншікті үй» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін өтініш беруші тұрғын үй құрылысының шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге сомасында жинақталған болуы керек.
Егер өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 50% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болса, аралық займға өтінім беруге болады (Объектідегі үлестер).Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша күнімен және уақытпен бірінші өтініш берген клиентке, пәтердің брондауы бекітіледі.
Клиенттердің кезекте тұрған ақпараты, жеке кабинетте көрсетілген.
Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) әрбір клиент үшін мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
• Егер бірінші үміткер өтінімді жойса немесе біліктілігінен өтпесе, https://otbasybank.kz/ жеке кабинетіндегі тізімдегі келесі үміткер 24 сағат ішінде Өтінішке қол қоюы керек, содан кейін біліктілікті Банкте тапсыруы қажет.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!