Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына дауыс беру басталғаны туралы

«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына дауыс беру басталғаны туралы

24 мамыр 2017
Құрметті Салымшылар !

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (әрі қарай-Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Модерн-Сити» тұрғын үй кешені, Атырау облысы, Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, №14 көше, №15 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Тапсырыс беруші/Құрылыс салушы: ТОО Модернстрой-Атырау.
Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 2017 жылдың қыркүйек айы.
Тұрғын үй бекітілген жобаға сәйкес және толық дайын болған жағдайда пайдалануға беріледі:
Сыртқы есік және терезе блоктары орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырға және төбелер сыланған және тегістелген (ішкі сырлау жұмыстарынсыз, түсқағазсыз), еден төсемелері үшін тартпа жұмыстары жүргізілген (таза еден қондырусыз), сымдар және электрокабельдер ажырытқышы қарастырылған, пәтерішілік бөлу автоматтары орналастырылған (газды және электрлі ас үй плиталарынсыз, тұрмысқа арналған электрлі құрылғыларсыз), құрылғыны қондыру орындарына дейін бітеуіштерімен кәріз және су құбырлары өткізілген (санитарлы-техникалық құралдар мен құрылғыларсыз), коммуналдық қызметті тұтыну көлемін есептеу құрылғылары орнатылған (жалпыүйлік және жеке), терезеалды тақталары және жылыту құрылғылары орнатылған.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 220 000 теңге.
Жайлылық класы: 3 класс.
Пәтер саны: 96, оның ішінде:
Пәтер типтері: 1-бөлмелі: жалпы ауданы 44,32 ш.м. – 18 пәтер;
2-бөлмелі: жалпы ауданы 66,88-70,0 ш.м. - 26 пәтер;
3-бөлмелі: А типі, жалпы ауданы 82,34-86,34 ш.м. - 36 пәтер;
Б типі, жалпы ауданы – 106,7 ш.м. – 7 пәтер;
4-бөлмелі: жалпы ауданы 110,5 ш.м. – 9 пәтер.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2017 жылғы 25 мамырдан бастап 25 маусымға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 26 маусым 2017 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 01.09.2017 ж. - 30.09.2017ж.
Іріктеу орны: Атырау қаласы.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында 500 000 (бес жүз мың) теңгеден кем емес сомада жинағы болуы шарт.
Аралық тұрғын үй заемын алуға өтініш беру Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кем дегенде 50% болған жағдайда мүмкін болады.
Банк салымшылары бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, сонымен бірге, Банк салымшыларына арналған Нысанда пәтер берілуі үшін дауыс береді. Егерде, өтініш беру мерзімінің аяқталу күніне Банктің ішкі құжаттарына сәйкес, Кандидаттар/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болатын жағдай байқалатын болса, онда Нысан қажетті дауыс санын жинамаған болып саналады және бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін (төлемқабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру