Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Жаңалықтар

Жаңалықтар

  • Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйді бөлу рәсімін жүргізу туралы

    Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде (барлығы 26 пәтер) орналасқан көппәтерлі тұрғын үй бойынша өтініш берушілер!«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төлем қабілеттілігін бағалау процедурасының аяқталуына байланысты тұрғын үйді бөлу рәсімі жүргізілетіндігі туралы хабарлайды. Төлем қабілеттілігін растаған өтініш берушілер 2015 жылғы «16» сәуірден кешіктірмей Банкке құрылыс объектісінен пәтер таңдау бойынша толтырылған Таңдау кестесін немесе пәтер таңдаудан бас тарту берулері қажет (формулярды Банк филиалынан алуға болады). 
    Әрі қарай оқу
  • «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері азаматтарды қабылдай бастады

    Енді қазақстандықтар тұрғын үй мәселесін шұғыл түрде шешуге мүмкіндік алды. «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауына келіп, мамандардан кеңес сұрауына болады. Кім мемлекеттен әлеуметтік пәтер алады? Баспананы төменгі пайызбен кредитке қалай сатып алуға болады? Арзан тұрғын үй сатып алу үшін жинақ ақшаны қалай сақтаған жөн? Осы секілді жиі қойылатын сұрақтарға ҚТҚЖБ өкілдері тікелей жауап бермек. 
    Әрі қарай оқу
  • Қызылорда облыстық филиалында профилактикалық жұмыстардың жүргізілуі туралы

    2015 жылғы 11 сәуірде профилактикалық жұмыстардың  жүргізілуіне байланысты Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, №122 үй мекен-жайында орналасқан Қызылорда облыстық филиалының жұмыс істемейтіндігін хабарлаймыз.
    Әрі қарай оқу
  • Egov.kz Электронды Үкімет Порталында депозит толықтыруды немесе заем өтеуді тегін жүргізуге болады

    Құрметті клиенттер!
    01.04.2015 жылдан бастап Сіздер Egov.kz Электронды Үкімет Порталында депозит толықтыруды немесе заем өтеуді тегін жүргізе аласыздар. 
    Egov.kz Электронды Үкімет Порталында төлемнің минималды сомасы 5 000 (бес мың) теңгені құрайды.
    Қызметке Egov.kz сайтында «Жылжымайтын мүлік» бөлімінің «Тұрғын үй қатынастары» шағын бөліміндегі «Төлемдер» жолында қол жеткізуге болады.
    Әрі қарай оқу
  • «Депозитті толтыру үшін бонус» акциясы басталды!

    Құрметті клиенттер! 
    2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 шілдеге дейін (осы күнді қоса алғанда) «Депозитті толтыру үшін бонус» акциясы жүреді. 
    Бұл акция тұрғын үй құрылыс жинақ шарты немесе шарттық соманы көбейту жөнінде тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімі жасалған күннен бастап 1 ай ішінде жинақтау шотына шарттық соманың 5% және 10%-ын бір мезгілде салған кезде, тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасауға төленетін комиссиялық алымға  50% және 100% жеңілдік қарастырады.   
    Әрі қарай оқу
  • Көкшетау қ. тұрғын үй құрылысы бойынша ЖАО-мен келісімшарт жасалғандығы туралы

    «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Ақмола облысының әкімдігімен Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы Васильковский ықшам ауданының солтүстігінде қарай орналасқан, барлығы  90 пәтер, оның ішінде, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша  45 пәтер, бағасы 1 шаршы метрдің  90000 теңге болатын «45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (3 позиция)» және «Тоғыз қабатты тұрғын үйлердің құрылысы» Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғандығын хабарлаймыз. 
    Әрі қарай оқу
  • Ақтау қ. тұрғын үй құрылысы бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды

    «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» негізінде Жергілікті атқарушы органымен Ақтау қ., 32А шағын ауданы мекенжайында орналасқан, небәрі 60 пәтер, 1 ш.м.  бағасы 115 000 теңге, тұрғын үй салу жөнінде келісімшартқа қол қойылғандығын хабарлаймыз. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың 3 тоқсаны.
    Әрі қарай оқу
  • Қостанай қ. №126 тұрғын үй құрылысы бойынша ЖАО-мен келісімшартқа қол қойылды

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Қостанай облысының  әкімдігі, Қостанай қаласының  әкімдігі және Банк арасында, Қостанай  қаласы, Красносельская көшесі, №126 тұрғын үйдің аймағында, барлығы 35 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 18 пәтер, бағасы 1 шаршы метрі 100 000 теңге болатын тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғанын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың қыркүйек айы.  
    Әрі қарай оқу
  • Қостанай қ. №4 тұрғын үй құрылысы бойынша ЖАО-мен келісімшартқа қол қойылды

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Қостанай облысының  әкімдігі, Қостанай қаласының  әкімдігі және Банк арасында, Қостанай  қаласы, Текстильщиков 4 а көшесі, №4 тұрғын үйдің аймағында, барлығы 81 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 41 пәтер,бағасы 1 шаршы метрге 90 000 теңге болатын тұрғын үй кешені құрылысы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғанын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың қазан айы. 
    Әрі қарай оқу
  • Алматы қ. салымшыларының төлем қабылеттілігін қайта бағалау рәсімдерін өткізу туралы бекітілген тізбе

    Алматы қаласы, Алатау ауданы, Райымбек даңғылының солтүстігі, Ақбұлақ ы.а. батысында орналасқан көппәтерлі «Айгерім-2», Нұркент (1,2,3,4,5,6 телімдер бойынша нысан коды -  091, 15,18,19 телімдер бойынша нысан коды – 096), тұрғын үй кешені құрылысының аяқталуына байланысты, тұрғын үй пулына қатысушылар төлем қабылеттілігін қайта бағалау рәсімдерін өткізу мақсатында 2015 жылғы 26 наурыздан бастап 2015 жылғы 26 сәуірге дейінгі мерзімде Банкке бекітілген тізбе бойынша құжат тапсыру қажет.
    Әрі қарай оқу
  • Қызылорда қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтінішті қосымша қабылдау туралы

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 6 наурыздан 26 наурызды қоса алғанда тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың екі  бөлмелі жалпы ауданы 67,20 ш.м. (№29 пәтер, 5-қабат, 3-подъезд), саны 1 бірлік №2 пулына және үш бөлмелі жалпы ауданы 77,12 ш.м. (№10 пәтер, 5-қабат,  1-подъезд), саны 1 бірлік №3 пулына қатысу үшін өтінішті қосымша қабылдайтындығын хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топ талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан (мекен-жайы) Қызылорда  қаласы, Астана  м/а  №13 үй, көп пәтерлі тұрғын үй/кешені. Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге.
    Әрі қарай оқу
  • Тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініштер «Жеке кабинет» арқылы қабылданады

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Банк салымшыларына қолайлы жағдай тудыру мақсатында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» (бұған дейін – Қолжетімді түрғын үй 2020) бойынша тұрғын үйді сатып алушылардың пулына қатысу үшін өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы комиссия төлемінсіз қабылдайтындығын хабарлайды. 
    Әрі қарай оқу
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
Quanysh-AI чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру